Павлодарлық акробаттар Алматыда өткен Азия чемпионатында өнер көрсетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына 21 медаль салды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Спорттық акробатика бойыша Павлодар олысының бас жаттықтырушысы Ирина Глушкованың сөзінше, жарысқа біздің өңірден 12-25 жас аралығындағы 25 спортшы барған.
"Жарысқа әлемнің алты мемлекетінен, атап айтқанда Қытай, Солтүстік Корея, Индия, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен 150-ге жуық акробат келді", - дейді Ирина Глушкова. - Павлодарлық спортшылардың барлығы жоғары деңгейде өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойыша біздің спортшылар 18 алтын, 1 күміс және 2 қола медалін жеңіп алды. Алтын медаль алғандар арасында бір 11-16 жас аралығындағы бір әйелдер тобы, бір ерлер тобы, 12-18 жас аралығындағы бір әйелдер жұбы және екі ерлер жұбы бар. Сонымен қатар, ересектерден құрылған бір әйелдер тобы мен аралас жұп жеңімпаз атанды. Командалық есеп бойынша бірінші орынды Қазақстан құрамасы жеңіп алса, Қытай және Солтүстік Корея спортшылары екінші және үшінші орындарды еншіледі.