Павлодарлық әуесқой спортшылар дуатлон маусымын ашты

781

Павлодарлық әуесқой спортшылар дуатлон маусымын ашты

Павлодарда әуесқой спортшылар дуатлон маусымын ашты. Облыстың ашық чемпионаты биыл Астана күніне арналды, деп хабарлайды рavlodarnews.kz.
Павлодар облысы чемпионатының қашықтығы 30 шақырымды құрады. Әуелі 5 шақырым жаяу жүгірген қатысушылар қалған 25 шақырымды велосипедпен жүріп өтті. Барлық қатысушылар үш топқа бөлінді: 18 жасқа дейін, 19-39 жас, 40 және одан жоғары жас.

Қыздар арасында Татьяна Миргородская мен Майса Ескендірова жеңімпаз атанды. Ерлер арасында Владимир Батяшов (40 және одан жоғары жас), Гацкий Павел (19-39 жас) және ОҚО атынан сынға түскен Дарын Қонысбаев (18 жасқа дейін) топ жарды.
Айта кетейік, аталмыш спорттық шараға Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов та қатысты. Ол барлық қашықтықты өткерді.

"Біз маусымның басын аштық. Меніңше, бұдан кейін де бірнеше дуатлон ұйымдастыруға болады. Биыл триатлонды да бастау керек. Бізде ол үшін барлық жағдай жасалған: Ертіс өзені, жақсы жол, жүгіретін де жер бар", - деді аймақ басшысы. Сонымен қатар, триатлонды өткізетін орындардың бірі ретінде Болат Бақауов спорт пен туризмге өте ыңғайлы деп Баянауылды атап өтті. Жуық арада триатлон саябағы бой көтеруі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу