Павлодарлық бапкер 10 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

173

Павлодар облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.

Павлодарлық бапкер 10 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді Фото: Pixabay.com

Павлодар тұрғыны 10 жастағы қызға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікке ілінді. Күдіктінің футбол жаттықтырушысы екені белгілі болды. Оқиғаға байланысты Павлодар облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп түсіндірді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу барысы Павлодар облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екені атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу