Әр литрі 232 теңге болатын арзан жанар-жағармай көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталып отыр.
Қазір операторды іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылданып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі операторды іріктеу конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау жүргізіледі. Өңірге 27,6 мың тонна арзандатылған дизель отыны беріледі. Операторлық қызметтерсіз арзандатылған дизель отынының 1 тоннасының құны 276 256 теңгені немесе литріне 232 теңгені құрайды", – деп хабарлады өңірлік Ауыл шаруашылығы басқармасынан.