Павлодарлық донорлар Алматыға 23 литр қан жөнелтті

978

Қан берушілердің барлығы арнайы сараптамадан өтті.

Павлодарлық донорлар Алматыға 23 литр қан жөнелтті

Алматылық дәрігерлер қаладағы тәртіпсіздіктерден зардап шеккендер үшін І топтағы қанды ғана сұратты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазиновтің мәліметінше, өңірдегі Қан орталығында тұрақты түрде қан тапсыратын донорлардың арнайы тізімі бар. Сол тізім бойынша тұрғындар шақырылып, денсаулық жағдайы тексерілді. Кейін олардан алынған қан Нұр-Сұлтан қаласы арқылы Алматыға жеткізілді.

"Алматы қаласында орын алған оқиғалар салдарынан зардап шеккендер тұрғындар аз емес. Сондықтан әріптестер бізден көмек сұрап, І топқа жататын қан керек екенін айтты. Аз уақыт аралығында павлодарлық донорлар 70 доза қан жинады. Бұл – 23 литр", - деді Ардақ Сейітқазинов.

Павлодар облысының бас дәрігері қажет болған жағдайда тағы да қолдау көрсетуге әзір екендіктерін білдірді. Бұл ретте жергілікті қорда қажетті көлемдегі қан бар екенін атап өтті. Яғни, Алматыға көрсетілген көмектің зардабы болмайды.

Айта кетейік, 5 қаңтар күні Павлодар қаласында да бір топ азамат Орталың алаңға шығып, наразылықтарын білдіріп еді. Сол шиеліністі жағдайдан соң 16 тұрғын дәрігерлер көмегіне жүгінді. Олардың барлығына амбулаторлық жағдайда медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу