Павлодарлық футбол клубы екі ойыншымен келісімшартты ұзартты

677

Ertis ФК 2020 жылғы футбол маусымына дайындығын 8 қаңтарда бастайды.

Павлодарлық футбол клубы екі ойыншымен келісімшартты ұзартты

Ertis ФК баспасөз қызметі хабарлағандай, 25 жасар қорғаушы Рафкат Аслан мен 25 жасар жартылай қорғаушы Арман Нүсіп 2020 жылы да командада өнер көрсетулерін жалғастырады, деп жазды pavlodarnews.kz..

Бразилиялық "Оле Бразил" футбол мектебінің түлегі Рафкат Аслан Ertis-те 2018 жылдан бері доп теуіп жүр. Осы уақыт ішінде ол команда сапында 29 кездесу өткізіп, бір гол соққан. Аталған ойыншы қорғаныстың орталығында да, қапталдарда бірдей ойнауға қабілетті. Павлодарлық клубқа дейін Рафкат Аслан Премьер-Лигада "Тобыл", "Ақтөбе" мен "Атырауда" өнер көрсеткен.

Арман Нүсіп болса, алматылық "Қайрат" футбол мектебінің түлегі. Ertis-ке дейін Қазақстан футболының жоғарғы тобында өнер көрсетпеген жартылай қорғаушы биыл павлодарлықтар сапында 22 ойын ойнады. Көбіне инсайд позициясында ойнайтын Арман Нүсіп биыл қапталдардағы белсенді қимылдарымен есте қалды.

Естеріңізге сала кетейік, Ertis ФК 2020 жылғы футбол маусымына дайындығын 8 қаңтарда бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу