Павлодарлық ғалымдар елімізді қантпен қамтамасыз етуге дайын

872

Павлодарлық ғалымдар елімізді қантпен қамтамасыз етуге дайын

Павлодарда аймақтық ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ғалымдары құрамында қант бар ерекше қызылшаны өсіріп шығарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Қазақстан әлемде қант қызылшасының 5 %-ын экспорттаушы ел болып табылады. Елімізде қант қызылшасын өңдейтін Алматы мен Шымкент облыстары ғана. Біз солтүстік өңірде аталмыш өнімді өндіріп көруді қолға алдық. Зерттеу "Ақтоғай Агро" ЖШС-нде жүргізілді. Нәтижесінде 1 гектар жерден 350 центнер өнім алынды, төрт гибридті сорттың бірі 500 центнерге дейін жетті, тамыр жемісі төрт келіні құрады. Ал, қанттылық 15%-дан 20,5 %-ға дейін өсті", – дейді ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институнының маманы Қымбат Мұстафаева.

Сондай-ақ, маман атап өткендей, оңтүстік өңірлерде бір гектар жерден 250 центнер өнім алынса, оның қанттылығы 16 %-ға ғана жеткен. Енді Павлодарда қайта өңдеу жұмыстары қолға алынса, нарықтағы қант бағасы арзандауы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу