Павлодарлық имамдар жерлеу рәсіміндегі ысырапшылдыққа бармауға шақырды

1045

Павлодарлық имамдар жерлеу рәсіміндегі ысырапшылдыққа бармауға шақырды

Облыстық Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде өткен облыс имамдарының жиналысында жерлеу рәсіміне қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Орталық мешіттің баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлының айтуынша, ҚМДБ Ғұламалар кеңесі бекіткен негіздемеге сәйкес дінбасылары өңір мұсылмандарын зират басында бейіт тұрғызу кезіндегі ысырапшылдыққа жол бермеуге үндеген. Сондай-ақ жиналыс барысында жастар арасында теріс ағымдардың зияны жайлы уағыз-насихаттар белсенді түрде айту, деструктивтік секталарға еніп кеткен тұлғаларды дәстүрлі дінімізге, ханафи мәзһабына қайтару мәселесі қаралған.  

"Қоғамдық мұсылмандар зираты аумағын бейсауат жан-жануар таптамау үшін ортақ қоршаумен қоршалуы қажет. Алайда жеке-жеке қабірлер үстіне бейіт құрылысын тұрғызуды доғарып, марқұмның қабіріне қойылатын құлпытасына аты-жөнін, туған және қайтқан жылын ғана жазу керек. Фотосуреті қойылмауға тиіс. Мысалы, шариғатқа қайшы келетін мәрмәрдан соғылған қымбат бейіт көтергенше дүние салған адамның артынан қайырымдылыққа жұмсалған қаражат әлдеқайда сауапты болады", – дейді Мәшһүр Жүсіп мешітінің бас имамы Нариман Исенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу