Павлодарлық кәсіпкер өзі оқыған мектеп шаңғы сыйлады

837

Павлодарлық кәсіпкер өзі оқыған мектеп шаңғы сыйлады

Ертіс ауданында "Мектебіме тағзым" акциясы аясында мектеп түлегі жалпы құны 400 мың теңге болатын 10 шаңғы тарту етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл жөнінде агенттікке Ертіс ауданы білім бөлімінің әдіскері Зинат Бариева айтты.

"Шаңғыларды Майқоңыр мектебінің түлегі сыйлады,- дейді Зинат Бариева. - Серік Сыздықов қазіргі күні Алматы қаласында тұрады. Жеке кәсіпкер. Майқоңыр мектебінің 1995 жылғы түлегі.  Аталмыш мектептегі шаңғылар ескірген болатын, соны білген соң жомарттық танытты. Бұл аталған акция бойынша осы жылдың алғашқы сыйлығы болып отыр".

Айта кетелік, 2017 жылы Ертіс ауданында "Мектебіме тағзым" бағдарламасы аясында түлектер 6 миллион 238 мың теңге көлемінде қажетті заттар тарту еткен. Оның ішіндегі ең көлемдісі -  Бірлік орта мектебіне берілген құны 1 миллион теңге тұратын күрес алаңының кілемі.

Сонымен қатар, Ақтоғай ауданының "Ауыл тынысы" газеті facebook парақшасында "Туған жерге тағзым" акциясы аясында қар тазалайтын машина сыйға тартылғанын жариялады. Жеке кәсіпкер  Марат Сыздықов аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне хоккей кортын қардан тазалауға арналған машина ұсынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу