Павлодарлық кәсіпкерлер 84 миллион теңгеге демеушілік көрсетті

991

Өңірде "Қамқорлық" айлығының қорытындысы шығарылды.

Павлодарлық кәсіпкерлер 84 миллион теңгеге демеушілік көрсетті

Бизнесмендер әлеуметтік тұрғыдан осал топ өкілдеріне азық-түлік пен басқа да қажеттіліктерді алуға көмектесіп, кішкентай балалардың армандарын орындады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жергілікті жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 15 наурыз бен 15 сәуір аралығында "Қамқорлық" айлығы ұйымдастырылып, соның аясында шамамен 22,5 мың тұрғынға 99 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Оның ішінде демеушілік және қайырымдылық қолдаумен 16 мыңға жуық түрғын қамтылып, оларға 83,8 млн теңге аударылды.  

"Сегіз мың отбасыға азық-түлік себеті, 885 тұрғынға қаржылай көмек, тағы 6 680 адамға басқа да көмек көрсетілді. Бюджеттік қаражат есебінен екі мыңнан астам азаматқа 46,5 млн теңге әлеуметтік қорғау мақсатында қарастырылды", – дейді басқарма өкілдері.

Тұрақты әрі ірі демеушілердің қатарында Ақсу ферроқорытпа зауыты бар. Аталмыш кәсіпорын бір жасар баланың отасына 400 мың теңге, "Аслан" балаларды оңалту орталығына музыкалық аппарат сатып алуға 200 мың теңге бөлді.

Сонымен қатар айлық аясында қарапайым тұрғындар қолдан келер көмекті аяп қалған жоқ. Жалғыз тұратын қарттардың үйі мен ауласын тазалап, жағдайын жасап берді. Бұл ретте Екібастұз бен Ақсу қалаларының, Шарбақты, Ертіс, Ақтоғай мен Тереңкөл аудандарының тұрғындары белсенділік танытты.

Айта кетейік, былтыр "Қайырымды істер марафоны" аясында Павлодар облысы "Ең мейірімді өңір" атанған еді.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу