Павлодарлық кәсіпкерлер жазғы уақытта балаларға арналған 750 уақытша жұмыс орынын ұсынды

825

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мәлім етті.

Павлодарлық кәсіпкерлер жазғы уақытта балаларға арналған 750 уақытша жұмыс орынын ұсынды

Павлодарда жазғы мерзімде жоғары сынып оқушыларын жұмысқа орналастыруға бағытталған "Adal tabys" акциясы басталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мәлім етті.

"Еrtіs – adaldyq alańy" жобалық кеңсесі облыстық білім беру басқармасымен бірлесіп, балаларды еңбекпен қамту мақсатында "Adal tabys" акциясын бастады", - деді департаментте. – Жоғары сынып оқушыларын уақытша жұмысқа орналастыруға бағытталған акцияны 84 кәсіпкер қолдап, балаларға 750 жұмыс орынын ұсынды. Өзіміздің балаларымызды адал еңбекке бейімдеу арқылы аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсетумен шектелмей, сондай-ақ жазғы демалыс уақытында табыс табуға мүмкіндік жасай отырып, адал еңбектің құндылығын қалыптастыруға ықпал етеміз. Бұдан бөлек, жазғы мерзімде жергілікті бюджеттің арқасында 2200-ден астам мектеп оқушыларын жұмыспен қамту жоспарланған және олар аймақтарды көгалдандыруға, жасылдандыруға қатысады".

Сондай-ақ табиғатты қорғау акцияларын өткізеді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу