Павлодарлық кәсіпорын импортты алмастырып, экспортқа шықпақ

1066

"KazFol" компаниясы қоспалы алюминийді өңдеп, одан фольга мен профиль шығаруды көздеп отыр.

Павлодарлық кәсіпорын импортты алмастырып, экспортқа шықпақ

Аталмыш кәсіпорын бір ай бұрын "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының резиденті атанды. Қазіргі таңда жер ресімделіп, жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша, маусым айының соңында зауыттың құрылысы басталып, осы жылдың қазан айында іске қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Алдымен фольга өндірісі қолға алынып, кейін профиль шығарыла бастайды. Жобаның жалпы құны – 5,5 млрд теңге.

Статистикалық деректер бойынша, жыл сайын елімізде құны 30 млн АҚШ доллары болатын фольга мен одан жасалған өнімдер сатып алынады.

Қазан айында іске кірісетін кәсіпорын жылына 13 мың тонна фольга өндіруді жоспарлап отыр.

Өнімді сатылымға шығарар нарық әзірше нақты анықталған жоқ. Бүгінгі таңда Түркия мен Польшадағы кәсіпорындарға экспорттау мәселесі қарастырылуда. Ал шикізатты "Павлодар" арнайы экономикалық аймағындағы Giessenhaus зауытынан алмақ.

"Былтыр біздің кәсіпорын 18 мың тонна сұйық алюминий өндірді. Жыл басынан бері ай сайын 500-700 тонна өнім шығарып келеміз. "KazFol" компаниясы өз өнімін дайындау үшін бізден қанша шикізат алары белгісіз. Бірақ, сұраныс көлемі қанша болса да біздің қоспалы алюминиймен қамтуға қауқарымыз жетеді. Ол үшін қуаттылықты арттырудың қажеті жоқ", – дейді "Giessenhaus" ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Руслан Ибраев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу