Павлодар қаласында жіксіз болат құбырлар шығаратын "KSP Steel" кәсіпорны жұмыс істейді.
Бұл – мұнай саласына дәл осындай өнімдер дайындайтын алғашқы отындық зауыт. Алайда, бұл компания еліміздің экологиялық талаптарына қайшы әрекет жасап, қомақты көлемдегі айыппұл арқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Белгілі болғандай, өндіріс орны көп көлемдегі зиянды қалдықтарды ешқандай рұқсатқағазы жоқ өзге кәсіпорынға өткізген. Бұл – экологиялық нормаға сай келмейтін іс.
"Прокуратура өкілдері "KSP Steеl" ЖШС-нің 8,5 мың тонна көлемдегі зиянды өндірістік қалдықты заңды тұлғаға бергенін анықтады. Ал бұл заңды тұлғаның тиісті рұқсат қағазы болмаған. Мұндай әрекет экологиялық заңнамаға қайшы келеді", – деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасы.
Нәтижесінде кәсіпорыннан 106 млн теңге көлемінде қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы өндіріп алынды.