Павлодарлық кәсіпорынға қалдықтарды көму лимитін асырғаны үшін айыппұл салынды

157

Айыппұл сомасы 28,4 миллиард теңгені құрады.  

Павлодарлық кәсіпорынға қалдықтарды көму лимитін асырғаны үшін айыппұл салынды Фото: zakon.kz

Табиғатты қорғау прокуратурасы экологиялық заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында рұқсат құжаттарының талаптарының орындалмағаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осы дерек бойынша тексерулер басталып, нәтижесінде экологтар "ЭкоАлем-ПВ" ЖШС-нің қызметінде тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру көлемінің белгіленген лимиттен асқаны анықталды.

Аталған құқықбұзушылық бойынша субъект Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 6-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл баптың санкциясы қалдықтарды көму төлемінің ставкасына қатысты он мың пайыз мөлшерінде, яғни белгіленген лимиттен тыс жиналған немесе көмілген қалдықтар көлеміне сәйкес айыппұл салуды көздейді.

Апелляциялық саты алғашқы инстанция сотының серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулысын өзгеріссіз қалдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу