Павлодарлық құс фабрикаларында тексеру жұмыстары басталды

1426

Олар бағаны келісіп алып көтерді деп айыпталуда. 

Павлодарлық құс фабрикаларында тексеру жұмыстары басталды

Жыл басынан бері ел көлемінде азық-түліктің барлық дерлік түрінің бағасы айтарлықтай өсті. Мәселен, Павлодар облысында үш айға жуық уақыт аралығында бірінші кезекте керек тауарлар 9,6%-ға қымбаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Тек соңғы бір аптаның өзінде өңірдегі өнімдер бағасы 7,1%-ға өсті. Бұл көрсеткіш бойынша Павлодар облысы "үздік үштіктің" қатарында тұр. Батыс Қазақстан облысында азық-түлік 9,5%ға, Ақтөбеде 8,7%-ға өсті.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов облыс әкімдеріне ескерту жасап, мәселені тез арада бақылауға алуды тапсырды.

Соның аясында Павлодар облысында жұмыртқа өндіретін екі фабрика – "Павлодар Құс" пен "Шарбақты Құс" кәсіпорында тексеру жұмыстары басталды. Мұнда бағаны келісім арқылы көтеру фактісі бар-жоғы сараланады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыстағы сауда орындарындағы жұмыртқа бағасы орта есеппен 30-40 теңгеге қымбаттады. Бұған дейін бірінші санаттағы ондықтың бағасы 370-380 теңге аралығында болса, қазір 400 теңгеден асып жығылады.

Құс шаруашылықтары басшылары мұны доллар бағамының күрт өсуімен байланыстырады. Себебі тауықтарға берілетін жем-азықтан бастап жұмыртқалар салынатын қағаз қораптарға дейін сырттан шетелдік валютамен сатып алынады.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу