Павлодарлық қыздың қыр соңынан қалмаған шетелдік елден шығарылатын болды

233

Қыз полицияға бұрын бірге тұрған ер адамға қатысты шара қолдануды сұрады. 

Павлодарлық қыздың қыр соңынан қалмаған шетелдік елден шығарылатын болды Фото: Polisia.kz

Айрылысқаннан кейін ер адам оның қыр соңынан қалмай, үнемі балағат сөздер айтып, зорлық-зомбылық жасаймын деп қорқытқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тәртіп сақшылары шетелдіктің ҚР аумағында болу мерзімін бұзғанын анықтады. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды және өз елінің елшілігінде елден шығару жайлы шешімді күтетін болады.

Айта кету керек, қоқан-лоқы мен аңдуларға байланысты қыз бұрын полицияға жүгінбеген, бәрі шешіледі деп ойлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу