Павлодарлық майдангерлерге 2 млн теңге төлем қарастырылды

Былтыр да осы көлемдегі қолдау көрсетілген болатын.  

Павлодарлық майдангерлерге 2 млн теңге төлем қарастырылды Фото: Валерий Бугаев

Павлодар облысында Ұлы Отан соғысының 7 қатысушысының ғана көзі тірі қалды. Жылдағы дәстүр бойынша мереке қарсаңында майдангерлерге сый-құрмет жасалмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Бүгінде өңірде 7 майдангер ғана бар. Мария Курбатова, Николай Поддубный, Николай Ступка, Сергей Выжутович, Василий Григораш Павлодар қаласында, Василий Московченко Ақсу қаласының ауылдық аймағында және Мария Матюшина Павлодар ауданында тұрады. Олардың ең үлкені – Мария Курбатова биыл ғасырлық тойын тойлады.

Жеңіс күнін жақындатқан майдангерлерге құрмет ретінде биыл облыстың қалалары мен аудандарында жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша әрқайсысына 2 млн теңге көлемінде  біржолғы төлем жасалады. 

Сондай-ақ, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген ардагерлер қатарынан 3,5 мыңнан астам адам, тыл еңбеккерлері және басқалары 10 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейінгі біржолғы төлемдер алады. 

Өткен жылы да майдангерлер, оларға теңестірілген азаматтар мен тыл еңбеккерлеріне мемлекет тарапынан дәл осындай көлемде қаржылай көмек көрсетілген болатын. 

Айта кетейік, Ұлы Отан соғысына Павлодар облысынан барлығы 46 мыңнан астам адам аттанған болатын. Олардың 22 мыңы майдан даласында қаза тапты. Яғни, облыстың әрбір 11-інші тұрғыны шайқастан оралған жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу