Павлодарлық меценат үздік 10 оқушыға Сочиде демалуға жолдама сыйлады

1254

Өңірде "Балаға жолдама сыйла" акциясы өткізілуде.

Павлодарлық меценат үздік 10 оқушыға Сочиде демалуға жолдама сыйлады

Павлодар ауданындағы "Луганск" кәсіпорнының басшысы Петр Кузьменко оқуда, спортта және шығармашылықта дарындылығымен көзге балалар үшін Сочи қаласына 10 жолдама алып берді. Бұл туралы өңірлік білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Сондай-ақ "Галицкое" ЖШС-нің басшысы Александр Касицин үш мектеп жанындағы лагерьде жалпы саны 310 баланың тегін тамақтануына қаржылай қолдау танытты. Жалпы, "Балаға жолдама сыйла" акциясы жалғасатын болады. Меценаттар және демеушілер жалпы сомасы 21,8 млн теңгеге 358 жолдама сатып алуды жоспарлауда", – дейді Дінислам Болатханұлы. 

Басқарма басшысының айтуынша, "Богатырь Көмір" ЖШС жалпы сомасы 12,6 млн теңгеге – 200 жолдама, "ГРЭС-2" АҚ 3,1 млн теңгеге – 50 жолдама, "Екібастұз ГРЭС-1" АҚ 1,1 млн теңгеге – 50 жолдама, "Қазхром" ТНК АҚ филиалының Ақсу ферроқорытпа зауыты  – 1,5 млн теңгеге 30 жолдама және Павлодар ауданының "Луганск" ЖК жалпы сомасы 3,5 млн теңгеге 28 жолдама ұсынады.

Биылғы жылы ұйымдастырылған демалыс, сауықтыру және бос уақытты қамтумен 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 98 мыңнан аса оқушыны немесе 98,8 %-ын қамту жоспарланған. Демалыс, сауықтыру және бос уақытты қамтудың барлық түрлерін ұйымдастыруға облыстық, қала және аудан бюджеттері 557,8 млн теңге қарастырған. Оның ішінде: жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 375  млн теңге, демеушілер қаражаты – 150  млн теңге, кәсіподақ қаражаттары – 32 млн теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу