Павлодарлық мектептерді арнайы мамандар күзететін болады

908

Павлодар мектептеріндегі вахтёрлерді енді мамандандырылған күзетшілер алмастырады, деп хабарлайды Atameken Business.      

Павлодарлық мектептерді арнайы мамандар күзететін болады

Өңір әкімдігі бұған арнайы қаржы қарастырып, күзет агенттіктерімен келісім шарт жасаспақ. Егер бұл тәжірибе іске асса, аймақтағы 158 орта білім беру ұйымдарында оқитын оқушылардың қауіпсіздігі үшін, күзет фирмаларының қызметкерлері жауап беретін болады. Бүгіне облыстағы білім ордаларында 13 мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылған. Алайда, олардың көбісі ішкі істер органы және білім және ғылым министрлігінің талаптары мен стандартына сай емес. Ал, аймақтағы мектептердің 15 пайызында дабыл қағу түймелері мүлде жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу