Павлодарлық мешіттер Аягөзге 30 тоннадан астам азық-түлік жіберді

929

Павлодарлық мешіттер Аягөзге 30 тоннадан астам азық-түлік жіберді

Бүгін "Мәшһүр Жүсіп" орталық мешітінен Аягөздегі апаттан зардап шегушілерге көмек ретінде "Ертіс-Павлодар жәрдемі" қайырымдылық керуені жіберілді. Бұл туралы "Мәшһүр Жүсіп" орталық мешітінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

"Наурыз айының басында Аягөздегі алапат су тасқыны болған күннің ертеңінде ҚМДБ-дан еліміздегі барлық мешіттерге апатқа ұшыраған ағайынға барынша қайыр қылу туралы тапсырма берілген еді, - деді баспасөзде. – ҚМДБ Павлодар облысы өкілдігі осы тапсырмаға сәйкес, әрі мұсылмандық және адамгершілік парызы ретінде тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында "Ертіс-Павлодар жәрдемі" атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырған болатын".

Акция аясында Павлодар облысына қарасты қала, аудан, ауыл мешіттері арқылы 30 тоннадан астам азық-түлікпен, киім-кешек жиналған. 30-наурыз, қасиетті жұма күні қайырымдылық керуенін "Мәшһүр Жүсіп" орталық мешітінің бас имамы Жолдас Бердімұратов бата беріп, жолға шығарып салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу