Павлодарлық мұғалім 280 африкалық отбасыға гуманитарлық көмек берді

902

Павлодарлық мұғалім 280 африкалық отбасыға гуманитарлық көмек берді

29 жастағы ағылшын пәнінің мұғалімі Тоғжан Ынтықбаева өзінің Instagram парақшасында қайырымдылық шарасының фотоларын жария етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Барлығы біреуге көмектесіп, жақсылық жасайық деген ниеттен пайда болды. Мейірімді қазақстандықтар 2,5 миллион теңге жинап берді. Бұл – 280 отбасының бір айлық азығына тең. Бүгін біз ауылдардың бірінде 10 пакет тараттық. Балаларға тәттілер, ересектерге азық-түлік бердік. Кеше 120 пакет таратылды. Барлығы бір тонна ұн, 750 келі күріш, 750 келі қант, 250 келі тұз, кофе, томат пен макарон сатып алынды. Әуелі 80, кейін 40 пакетті екі ауылдың тұрғындарына жеткіздік", - деп жазды Тоғжан.

Азамат Жағыпаровтың айтуынша, жұбайы мен оның құрбысы 4D карталарды сатып, ақша тапқан.

"Азынаулық қаржы жинап, қасиетті Рамазан айында оны Африкаға жолдап, сол жақтағы мұқтаж жандарға көмек көрсеткіміз келді, - дейді Азамат Жағыпаров. - Біз жайлы естіген білім министрлігі таңқалды. Екі қыз бір айдың ішінде 2 миллионнан астам қаражат жинаған. Африкадан арнайы шақырту келіп, қайырымдылық жасағандармен кездесуді қалайтындарын хабарлаған. Сондай-ақ, олар Қазақстан халқына үлкен ризашылығын білдірді".

Айта кетейік, Африкаға барып келу идея авторларына 500 мың теңгеге түсті.

Бұл күні отбасы екі жастағы қыз баланы тәрбиелеуде. Сәбиі туғанға дейін Тоғжан Ынтықбаева "Білім-инновация" лицейінде жұмыс жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу