Павлодарлық оқушы қатарласын пышақпен жарақаттады

Оқыс оқиға мектеп қабырғасында болған. 

Павлодарлық оқушы қатарласын пышақпен жарақаттады Фото: google.com

Кеше №42 мектептің 7 және 8-сынып оқушылары қоңырау уақытында сөзге келіп, біреуі екіншісіне кеңсе пышағымен жарақаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Аталмыш факт бойынша жеткіншекке қатысты әкімшілік іс қозғалды. 

Павлодар облыстық полиция департаменті аға инспекторы Арай Төлемісованың айтуынша, 2008 және 2009 жылы туған жеткіншектер мектептегі баспалдақтан өтер кезде бір-бірін иығымен қағып кеткен. 

"Кәмелеттік жасқа толмағандардың бірі екіншісінің жағы мен желке тұсын кеңсе пышағымен жырып кеткен. Өзі де сол пышақпен саусағын кесіп алды",- дейді аға инспектор.       

Оқушылар ауруханаға жеткізіліп, дәрігер қарауынан соң үйлеріне жіберілді.       

Жәбірленуші баланың ата-анасы шағым түсіруден бас тартты. Десе де, дене жарақаттарын салған жасөспірімнің заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік іс басталды. Оларға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу