Павлодарлық оқушы негізгі ҰБТ-дан 140 балл алды

931

Бұл туралы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі мәлім етті.

Павлодарлық оқушы негізгі ҰБТ-дан 140 балл алды Фото: gov.kz

Павлодар облысының жалпы орта білім беру мектебінің түлегі Әсет Альтаир негізгі ҰБТ-да 140 балл иегері атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2026 жылғы 26 мамыр күні Павлодар қаласында орналасқан аймақтық тестілеу орталығында Әсет Альтаир "Математика-География" пәндер комбинациясын таңдап, ҰБТ-ны сәтті тапсырды. Ол бес пән бойынша ең жоғары 140 балды жинады. Альтаир – Павлодар қаласындағы № 7 жалпы орта білім беру мектебінің түлегі.

"Мен 11-сыныптың басынан бастап ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындала бастадым. Дәл сол кезде болашақ мамандығымды нақты таңдадым. Алдағы уақытта Maqsut Narikbayev University-не "Менеджмент" мамандығына оқуға түсуді жоспарлап отырмын. ҰБТ-ға дайындық барысында қолдау көрсетіп, жігер берген ата-анама және ұстаздарыма алғысымды білдіремін", – деді Әсет Альтаир.

Естеріңізге сала кетсек, негізгі ҰБТ-ның екі аптасында 92 мыңға жуық рет тест тапсырылды. Шекті балды 65% талапкер жинады. Бес пән бойынша орташа балл 63 балды құрады. 240 мыңға жуық талапкер негізгі ҰБТ-ға қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу