Павлодарда мектеп оқушысы сыныптасы мен мұғалімін пышақтап тастады

Білім алушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.  

Павлодарда мектеп оқушысы сыныптасы мен мұғалімін пышақтап тастады Фото: freepik

Павлодар облысында мектеп шәкірті бірге оқитын сыныптасы мен ұстазға пышақ салды. Қазіргі уақытта тиісті органдар тергеу жұмысына кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Белгілі болғандай, облыс орталығындағы мектептердің бірінде оқитын бала суық қарумен екі адамды жарақаттаған. 

"Павлодар қаласындағы мектеп оқушысы сыныптасы мен мұғалімге пышақ сұғып алғаны үшін ұсталды. Аталмыш фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. 

Полиция өкілдері тергеу мүддесі аясында қандай да бір басқа ақпаратты жарияламай отыр. Бір анығы, қылмыс жасаған жеткіншек - №14 мектептің 9-сынып оқушысы. 

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдемге шақырту бүгін сағат 10.24-те түскен. Бригада оқиға орнына 8 минутта жеткен. Зардап шеккендер – 1965 жылғы мұғалім мен 2008 жылғы ер бала. Математика пәнінен сабақ беретін әйел адам №1 қалалық ауруханаға жеткізілсе, жеткіншек облыстық балалар ауруханасында ем-дом алуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу