Павлодарлық оқушылар банкирдің дәрісін тыңдады

899

Павлодарлық оқушылар банкирдің дәрісін тыңдады

Павлодар қаласының № 23 мектебінде жоғары сынып оқушылары арасында "Карта және қабылдау" қаржы сауаттылығына байланысты бірінші сабақ өткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"9 сыныптан 28 оқушы қатысты, - дейді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. - Сабақты АҚ "Қазақстанның Халық Банкі" № 249903 бөлімше бастығы Жанна Апсалямова жүргізді. Сабақ барысында "КСРО Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі" заңы туралы және 1991 жылғы Қазақстандағы жеке меншік банк жүйесінің құрылуы жайлы мәлімет ұсынылды.

Оқушылар Лондон фабрикасы Harrison&Sons теңгенің бірінші партиясының шығу тарихын және Қазақстанға тиражын жеткізу, Германиядағы қазақстандық тиындардың басқа елдердегі банктерге қамтамасыз ету тарихын қызықтап тыңдады.

Жанна Апсалямова қазақстандық банкноттың әлемде үш рет үздік болып танылғанын 2011, 2012 және 2013 жылдары) атап өтті. Сонымен қатар 500 теңге банкноттың атаулы құнына әртүрлі шырайлы қорғанышы бар екенін көрсетті. Әр оқушы банкноттың шынайлылығын өзінше ультракүлгін шам арқылы тексере алды.

Оқушылар келесі сабақта Халық банктің банкоматы арқылы төлем карточка түрлерін, төлем жүйесі және амалдары жөнінде танып біледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу