Павлодар облысы Розовка ауылындағы мектеп шәкірттері смарт үлгідегі киіз үйді ойлап тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
8-сыныпта білім алатын Санам Асанова мен Евгений Ефремов робототехника және көркем еңбек мұғалімдерінің жетекшілігімен ақылды киіз үй жасады. Оның "Айзере" атты виртуалды көмекшісі де бар.
Айзере киіз үйдің шаңырақ, уық, керегі сынды бөлшектерінің мән-маңызын түсіндіріп береді. Тіпті, бөлме температурасы мен ылғалдылығы туралы ақпарат береді.
Смарт киіз үйдің іші де жабдықталып, үстел, оның үстіне бауырсақ, сандық, домбыра қойылған.
Ал жалпы, Павлодар облысында Наурыз мейрамына орай барлығы 190 киіз үй тігіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу