Павлодарда "Менің Отаным - Қазақстан" ХVІІ аймақтық оқушылар ғылыми тәжірибелік конференциясының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Конференция жұмысына Павлодар, Ақсу қалалары және Павлодар ауданының жалпы орта білім беру мектептері мен мектептен тыс мекемелерінен 3-11 сыныптарда оқитын 118 оқушы қатысқан. Жобаларды қорғау бес бағыт бойынша өтті: "Біз және экология", "Зерттеу жұмысы", "Өз өлкеңді танып біл", "Тарих бесігі - мұражай", "Ғылымға бастапқы қадам". Оның ішінде "Жасыл энергетика" тақырыбын таңдаған № 35 мектептің оқушысы Айдос Қобландының "Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру" жобасы назар аудартты.
Аталмыш құрылғының көмегімен су мен қиды араластыру арқылы биогаз алады. Ал, қалдықтарын тұрғын үйлерды жылытуға, жылыжайларда тыңайтқыш ретінде қолдануға болады.