Павлодарлық өндірушілер елорда тұрғындарына 500 тонна өнім ұсынбақ

1699

Жәрмеңке 14-15 қыркүйек күндері "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда өтеді.

Павлодарлық өндірушілер елорда тұрғындарына 500 тонна өнім ұсынбақ

Елорданың азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 14-15 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласының "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда Павлодар облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде өңірдің 70-тен аса кәсіпорны елорда тұрғындарына 500 тонна өнім  ұсынбақ. Оның ішінде 60 тонна ет және ет өнімдері, 20 тонна сүт, 35 тонна бакалея өнімдері, яғни жұмыртқа, жармалар, ұн, бал, өсімдік майы, 240 тонна картоп және 145 тонна көкөніс пен бақша дақылдары жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу