Павлодарлық орманшылар әлсіреп қалған еліктерді тапты

771

Оларды орман шаруашылығы өз қамқорлығына алды.

Павлодарлық орманшылар әлсіреп қалған еліктерді тапты

Ақсу қаласына қарасты жайылымдық жерлерді аралау барысында Павлодар орман шаруашылығының қызметкерлері еліктің үш лағын тапты. Олардың бірі өлі, екеуі әбден әлсіз болған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қараусыз қалған лақтардың жанында қаңғыбас иттер көп болғандықтан, орманшылар еліктерді орманшылыққа алып кетті. Болжам бойынша, олардың туғанына небары үш күн болған. Бірақ енелері жанынан табылмады.

"Қазіргі уақытта лақтар Павлодар ауылындағы шаңғы базасына орналастырылды. Ол жерде әлсіз лақтарға сүт беріліп жатыр. Дүйсенбі күні мал дәрігерлеріне көрсетеміз", – дейді орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесін қорғау Павлодар мекемесінің басшысы Аждар Жүсіпов.

Алдағы үш айда екі лақ орманшылардың бақылауында болмақ. Содан соң оларды жағалауға жібереді.

Мамандардың есептеуінше, қазір өзен аумағында 500-ге жуық елік бар.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу