Павлодарлық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден баланы құтқарды

405

Пәтерде 2015 жылы туған бала болды.

Павлодарлық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден баланы құтқарды Фото: ТЖД

Павлодарда өртеніп жатқан үйден бала құтқарылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Бүгін 101 пультіне Павлодар қаласы Ермак көшесінде көпқабатты үйдің үшінші қабатында екі бөлмелі пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама келді", - делінген хабарламада.

ТЖ орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері мен апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері дереу келді.

Ауданы 10 шаршы метр болатын үй заттары мен жиһаздар отқа оранған.

"Пәтерде 2015 жылы туған бала болды. Өрт сөндірушілер автосаты орнатып, балкон арқылы баланы құтқарды. Тексерістен кейін баланы ауруханаға жатқызу қажет емес екендігі анықталды. Өртті сөндіруге 6 бірлік техника мен 21 қызметкер қатысты. Өрт сағат 15:58-де жойылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу