Прокуратура қызметкерлері жеке пансионатта қарттарды ұрып-соғып, алаяқтықпен айналысып келген қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодардағы қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.
– Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзған (тамақтануын, қозғалысын шектеген, ұрып-соққан) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген, – деп мәлімдеді прокуратурадан.
Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды.
ҚР Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.