Павлодарлық педофил 20 жылға сотталды

274

Жәбірленуші тарапқа 3 млн теңге мөлшерінде моральдық өтемақы төлейді.

Павлодарлық педофил 20 жылға сотталды Фото: egemen.kz

Темір торға тоғытылған ер адам жас балаға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Бұған қоса ол жәбірленушінің пайдасына 3 миллион теңге моральдық өтемақы төлейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушы М.-ға қатысты жас балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, іс бойынша жүргізілген сараптамалармен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен расталды.

"Қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады және 20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды – соттылығының болмауын, қылмыс жасаушының жас болуын және жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, М.-ға 20 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады", - деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ ол жәбірленуші тарапқа 3 млн теңге мөлшерінде моральдық өтемақы төлейді.

Еске сала кетейік, Павлодарда жасы 80-нен асқан зейнеткер кішкентай қыз балаларға азғындық жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу