Павлодарлық полицейлер 100 құқық бұзушылықты бір күнде анықтады

596

Павлодар облысының аумағында "Ауыл шаруашылық техникасы" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. 

Павлодарлық полицейлер 100 құқық бұзушылықты бір күнде анықтады

Павлодар облысында полицейлер бір тәулік ішінде ауыл шаруашылығы техникасы жүргізушілері жол берген 100 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

"Павлодар облысының полицейлері  ауыл шаруашылығы техникасының техникалық жай-күйінің қоршаған ортаның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуде. Жарық, дыбыс сигнализациясы мен жарық беру құрылғыларынан басқа, рульдік басқарудың, тежегіш жүйесінің жарамдылығы, тиісті тракторист-машинист куәлігінің және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің болуы, медициналық дәрі қобдишасымен, өрт сөндіргішпен, авариялық белгілермен жабдықталуы тексерілді", – дейді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

38 жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығын беретін құжатсыз, 25 жүргізуші ақаулы техниканы басқарғаны, 10 жүргізуші көлігін техникалық байқаудан өткізбегені, үш жүргізуші көлікті жалған нөмірлермен басқарғаны, төрт жүргізуші көлік құралдарын мас күйінде басқарғаны үшін жауапқа тартылды.  

Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 18 көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу