Павлодарлық полицейлер алаяқтықпен күресудің жаңа әдісін ойлап тапты

301

Креатив сақтық шаралары өңір тұрғындарын таңғалдырды.

Павлодарлық полицейлер алаяқтықпен күресудің жаңа әдісін ойлап тапты Фото: polisia.kz

Жергілікті тауар өндірушілермен жасалған келісімнің арқасында алаяқтардан қалай сақтануға болатыны жазылған жазба азық-түлік өнімдерінде пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Бұл жазбаларда алаяқтардың ықтимал әрекеттері туралы ақпарат беріледі. Қазіргі уақытта аталмыш жұмыс жүргізілуде және әрі қарай жалғастырылатын болады", - деді Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Павлодарлықтар полицейлердің тапқырлығын жоғары бағалады.

"Тауар сатып алғанда жазбасына мұқият қараңыздар. Сақтық шаралары толық жазылған. Мұндай ескертулер, әрине, қажет", - деді тұрғындардың бірі.

Ескертулері бар жадынамалар "полицияның қазақстандық сервистік моделі" пилоттық жобасы аясында қала дүкендеріне де орнатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу