Павлодарлық полицейлер сотқа дейінгі тергеу құжаттарын дәретхана қағазы орнына пайдаланған

865

Департаментте қызметтік тексеріс басталды.

Павлодарлық полицейлер сотқа дейінгі тергеу құжаттарын дәретхана қағазы орнына пайдаланған

Осыдан бірнеше ай бұрын қызмет бабымен Павлодар қаласының полиция басқармасына барған алматылық қорғаушы Назерке Ризабекова осындай келеңсіз жағдайдың куәгері болғанын жазады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Полиция басқармасының дәретханасында қызметкерлердің процессуалдық құжаттарды дәретхана қағазының орнына пайдаланатынын байқадым. Бұл неткен жабайылық?! Дәретхана қағазының жетпеуі – бір бөлек, қоғамдық орында сотқа дейінгі тергеу мәліметтерінің жариялануы қалай?", – деп жазады қорғаушы.

Бұл мәселеге қатысты Павлодар облыстық полиция департаментінен қызметтік тексеріс жүргізіп, басқарманы дәретхана қағазымен қамтуды да сұрапты.

Бұған қатысты өңірлік департамент өкілдері түсініктеме берді.

"Әлеуметтік желіде жарияланған суретте құпия құжаттар емес, қарапайым анықтамалар көрсетілген. Бірақ бұл жарамсыз болып қалған қызметтік қағаздарды қоқыс жәшігіне тастаған қызметкерлердің жауапкершілігін жеңілдетпейді. Қажет емес қағаздардың барлығы белгіленген тәртіппен жойылуы тиіс", – дейді Департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ аталмыш мәселеге байланысты қызметтік тексерістің басталғанын хабарлады.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу