Электр энергиясын шектен тыс шығындаған пәтер есірткі зертханасы болып шықты

110

Павлодарлық прокурорлар электр есептегіші арқылы есірткі зертханасын тапты.  

Электр энергиясын шектен тыс шығындаған пәтер есірткі зертханасы болып шықты Фото: canva.com

Алғашқы тексерістің нәтижесі көрсеткендей, терезелер тығыз жабылып, тұрғындар оқшауланған өмір салтын жүргізіп жатқаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Барлық белгі заңсыз әрекеттерді меңзеген. 

Павлодар қаласының прокуратура қызметкерлері қаладағы тұрғын үйлердегі электр энергиясын тұтынуды талдаған. Бір пәтер аномальды жоғары көрсеткіштер көрсетіп, мамандар тарапынан күмән тудырған.

"Полицияға тінту жүргізу тапсырылды. Нәтижесінде күдік расталды: пәтерде есірткі зертханасы ұйымдастырылған. 3 кг-нан астам өсімдік текті есірткі, гидропондық жабдықтар, тыңайтқыштар, орауыштар алынды", - делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, тергеу жалғасуда.

Бұл қылмыстық әрекетке қатысы бар басқа тұлғалар анықталып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу