Павлодарлық шаруалар өткен жылы 7,5 мың тонна бидай экспорттады

798

Павлодарлық шаруалар өткен жылы 7,5 мың тонна бидай экспорттады

2016 жылы Павлодар облысының диқандары шетелге 7,5 мың тонна бидай және 6 мың тоннадан астам ұн экспорттады деп хабарлайды, pavlodarnews.kz.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, өңірде өсірілген астық дақылдарына көршілес мемлекеттерден де, еліміздің басқа облыстарынан да сұраныс жоғары.

"Өткен жылы Павлодар облысынан Өзбекстанға 1000 тонна бидай, 1224 тонна ұн, Қырғызстанға 2890 тонна бидай, 538 тонна ұн, Ауғанстанға 1540 тонна бидай, 4284 тонна ұн, Тәжікстанға 932 тонна бидай, Түркіменстанға 204 тонна ұн және Ресей Федерациясына 1160 тонна бидай, 225 тонна ұн асырылған. Сонымен қатар еліміздің Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Алматы облыстары мен Астана, Семей, Түркістан қалаларына 25 мың тоннадан астам өнім жөнелтілді", – дейді басқарма мамандары.

Айта кету керек, облыста астық өнімдерін шетелдердер мен еліміздің басқа өңірлеріне экспорттауға Павлодар, Екібастұз қалалары мен Железин, Ертіс және Ақтоғай аудандарының шаруалары көптеп үлес қосқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу