Павлодарлық студенттер "KazGeoTour" мобильді қосымшасын ойлап тапты

914

Павлодарлық студенттер "KazGeoTour" мобильді қосымшасын ойлап тапты

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті туризм кафедрасының студенттері Әлия Тукуева мен Анастасия Сасько "Павлодар облысындағы белсенді туризмді дамытудың беталысы мен келешегі" ғылыми жобасымен республикалық "Ғылым шарайнасы" байқауында жүлделі бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жоғары оқу орны баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздар "KazGeoTour" мобильді қосымшасы мен "PavGeoTour" жол сілтеушісін жасап шығарған. Олар бұл жоба аясында Ертіс өзені бойымен (Лебяжі ауданынан Павлодар қаласына дейін) төрт күндік жүзіп өту қызметін жеке есепке алған.  Әлия Тукуеваның айтуынша, облыстың тиімді географиялық жағдайы, Астана қаласына жақындығы, мәдени-тарихи және табиғи ескерткіштердің болуы Павлодар облысының туристік мүмкіндіктерінің жоғары екендігін көрсетеді.

"Менің ойымша, өзен туризмінің мүмкіндіктері толыққанды қолданылмай келеді. Өзен бойымен жүзу – белсенді демалысты қалайтын жандарды қызықтыратын туристік бағыттардың бірі. Павлодар облысында Ертіс өзені бойында көптеген елді мекендер орналасқан. Бұл да туристерді қабылдауға ыңғайлы. Ал біз жасаған "KazGeoTour" мобильді қосымшамыз демалушыларға ішкі және сыртқы бронь жасауға мүмкіндік береді және мәдени-тарихи ескерткіштер туралы толық ақпаратқа қанық етеді", – дейді Әлия Тукуева.

Айта  кетерлігі, байқауға ұсынылған жұмыс нәтижесі Корей Республикасы Үкіметі, Корей Ұлттық географиялық ақпараттық институты, Павлодар География үйі қоғамдық бірлестігі, Парашюттік спорт федерациясы мен басқа да ұйымдардың қолдауымен GeoTwo компаниясы серіктестік жұмыстарына қолданатын болады.  Сонымен қатар, айтулы жоба "IT технология саласындағы идеялар" облыстық байқауында үздік деп танылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу