Павлодарлық тәрбиеші мүгедектігі бар балаларды ұрып-соққан

Жаға ұстатарлық жайт бейнебақылау камералары арқылы белгілі болды.  

Павлодарлық тәрбиеші мүгедектігі бар балаларды ұрып-соққан Фото: pixabay.com

Павлодар қаласында психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған оңалту орталығы жұмыс істейді. Осы орталық тәрбиешісі мүмкіндігі шектеулі балаларды соққының астына алған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бұл жағдай әлеуметтік мекемедегі бейнебақылау камераларын қарау барысында анықталды.

"Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығындағы бейнебақылау камераларын қарау кезінде тәрбиеші тарапынан кәмелетке толмағандарды ұрып-соғудың бірнеше фактісі анықталды. Олар – денсаулық жағдайы бойынша дәрменсіз және психоневрологиялық патологиясы бар, үнемі күтімді қажет ететін балалар", – деп атап өтті облыстық прокуратура өкілдері.

Енді тәрбиешіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар балаларға күш көрсеткені үшін төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ол облыстық прокуратура қызметкерлері "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасын аясында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардағы балалардың, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың қауіпсіздігін алдағы уақытта да тексермек. Осы мақсатта мекемелердегі бейнебақылау камералары да жіті қаралатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу