Павлодарлық 12 құтқарушы үш тәуліктен бері Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарымен күресуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Өңірлік ТЖ департаментінің бастығы Абай Темірбаевтың айтуынша, арнайы бес техника, баған мен үш мотопомпа, жеке құрамнан 12 адам ШҚО-ға 23-наурызда барған.
"Қазіргі таңда біздің төтеншеліктер қардың еріген суын сору бойынша жұмыс істеуде, - деді облыстың бас құтқарушысы. – Жеке құрам азық-түлікпен, жанар-жағармай материалдарымен және жатын орынмен қамтамасыз етілген".
Айта кетсек, ТЖ жөніндегі комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26-27 наурыз күндері Солтүстік Қазақстан және Павлодар облысында жауын-шашын болып, өзендер арнасынан асуы мүмкін. Осыған байланысты, Павлодарлық құтқарушылар өңірде жағдай бақылауға алынғанын айтты.