Павлодарлық тұрғын АҚШ-та сатып алған көлігін 10 жылдан кейін заңдастырды

430

37 жастағы Виктория Черкашина шетелдік көліктерді заңдастыру науқанын пайдаланып, АҚШ-та сатып алынған шағын "Купер" маркалы автокөлігін заңдастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.  

Павлодарлық тұрғын АҚШ-та сатып алған көлігін 10 жылдан кейін заңдастырды Фото: pavlodarnews.kz

"Мен автокөлікті заңдастыру қызметін алғашқылардың бірі болып пайдаландым. Көлігім АҚШ-тан Қазақстанға сонау 2012 жылы әкелінген. Сол кезде қолданыста болған 30 пайыздық кедендік баж салығы толығымен төленді. Көлікті бірден тіркемедім, өйткені шетелге шығуды жоспарладым", – дейді Виктория Черкашина.

Ол қайта өңдеу ақысы мен бастапқы тіркеу үшін жаңа төлемдер енгізілген кезеңде бірнеше жыл елде болмаған. Көлік қайта өңдеу төлемі енгізілгенге дейін әкелінгендіктен, оны төлеудің қажеті болмаған, бірақ бастапқы өндіріс үшін 500 АЕК төлеу қажет болған.

"Бұл - сома аз емес. Сондықтан осы уақыт ішінде  шағын "Куперім" гаражда тұра берді. Президент автокөліктерді заңдастыру және оны өткізу шарттары туралы жариялаған кезде қатты қуандым. 23 қаңтарда электрондық үкімет порталы арқылы онлайн өтінім бердім. Порталдан жауап 3-4 минут ішінде келді. Криминалистер корпустың және басқа агрегаттардың нөмірлерін, сондай-ақ барлық құжаттарды салыстырып, тексерді. Өтінім мақұлданды. Кейінірек құжаттарды тапсырдым және 10 минуттан кейін құжаттардың дайындығы туралы хабарлама алдым. Ақырында 10 жылдан кейін өз көлігімді есепке қойып, отбасы бюджетін үнемдей алдым", – деп қала тұрғыны алғысын білдірді.

Павлодар облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаевтың сөзінше, аймақта тәулігіне 495 азамат онлайн форматта өтініш білдірген. Оның ішінде бес көлік заңдастырылған, оның төртеуі – Ресей Федерациясының авто есебінде. Криминалистер заңдастыруға өтінім берген 45 автокөлікті қарап шықты.

Полицейлер Қазақстан азаматтары әкелген шетелдік есептегі жеңіл автомобильдер, шағын және орта автобустар, шағын жүк көліктері, басқаруы оң жақта орналасқан көлік құралдары заңдастыруға жататынын еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтардан бастап елімізде шетелдік автокөлікті заңдастыру бойынша науқан басталды. Аталған шара 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу