Павлодарлық тұрғыннан 18 қап көкнәр тәркіленді

558

Дүкен иесі есірткіге тәуелді адамдарға бір килограмын 12 000 теңгеден сатқан.

Павлодарлық тұрғыннан 18 қап көкнәр тәркіленді

Павлодарлық тұрғыннан 18 қап көкнәр тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

"Дүкен иесі Павлодар қаласының әртүрлі жеке кәсіпкерлерінен көкнәрді көтерме бағамен сатып алғанын және есірткіге тәуелді адамдарға бір килограмын 12 000 теңгеден сатқанын түсіндірді. Полиция қызметкерлері дүкеннен әрқайсысының салмағы 25 кг болатын көкнәр салынған 18 қапты тәркіледі, олар бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нурсеитов.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабы (Улы заттардың, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу