Павлодарлық зейнеткер полицияның көмегімен алаяқтарға аударған ақшасын қайтарып алды

93

Әйел 2 млн теңгеден астам қаражаттан бір сәтте айырыла жаздады.    

Павлодарлық зейнеткер полицияның көмегімен алаяқтарға аударған ақшасын қайтарып алды Фото: yuz.uz

Алаяқтар оған хабарласып, қаражат талап еткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Үй телефоныма белгісіз ер адам қоңырау шалды, өзін Ұлттық банк қызметкерімін деп таныстырып, құжаттарды шұғыл түрде қайта рәсімдеу қажеттігін айтты. Сұхбат барысында ол менің банктегі есепшотымда қандай сома бар екенін сұрады. Мен есепшотта 2 млн теңгеден астам қаражат бар екенін айттым. Кейін оның нұсқауымен 1 млн 300 мың теңгені аударып бердім. Кейін ер адам қайта қоңырау шалып, үйге көлік келіп, мені көрсетілген мекенжайға жеткізетінін айтты. Сол уақытта жүргізушімен сөйлеспеуім туралы қатаң нұсқау берді. Барлық уақыт бойы ол WhatsApp мессенджері арқылы байланыста болып, нақты нұсқаулар беріп отырды, – дейді полицияға жүгінген зейнеткер.

Барлық әрекеттер телефон арқылы алаяқтың нұсқауымен жасалған. Зейнеткерге ешкіммен сөйлесуге және туыстарымен бұл тақырыпты талқылауға мүмкіндік берілмеген. Алаяқтар оны тәулік бойы құрығында ұстап отырған.

Әйел қалған соманы аудару үшін банкке барған кезде, банктегі қызметкер оның мінез-құлқына мән беріп, полицияға хабарлаған. Полиция қызметкерлері келгенде қосымша заңсыз әрекеттердің алдын алып, қалған қаражаттың аударылуына жол бермеді.

Сондай-ақ зейнеткерге бұрын аударған қаражатты қайтаруға көмектесті. Зейнеткер мен оның жұбайы полиция қызметкерлеріне жедел әрі кәсіби жұмысы үшін үлкен алғыс білдіріп, сол арқылы қаржылық жинақтарының маңызды бөлігін сақтап, ұрланған қаражатты қайтаруға мүмкіндік алғандарын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу