Павлодарлық жас айтыскер республикалық сайыстың жеңімпазы атанды

1466

Павлодарлық жас айтыскер республикалық сайыстың жеңімпазы атанды

Баянауыл ауданының 9-сынып оқушысы Азамат Базарбай республикалық "Жыр алыбы – Жамбыл" оқушылар айтысының 3-орын иегері атанды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Алматы қаласында өткен жыр додасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 28 ақын бақ сынады. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткен жас дүлділдердің арасындағы сөз сайысына Жамбыл Жабаевтың 172 жылдығы мен Астананың 20 жылдығы арқау болды. Өңіріміздің намысын қорғаған Азамат Базарбай доданың бірінші айналымында алматылық арумен айтысып, басым түсті. Ақтық мәреде ақтөбелік ақын Нұрбол Жауынбаев сынасты. Нәтижесінде жерлесіміз 3-орынға, қарсыласы бас жүлдеге ие болды. Ақынның ұстазы Таңат Ахатов бұл республикалық деңгейдегі қатысып отырған бірінші айтыс екендігін жеткізді. – Азамат 4-сыныпта оқып жүрген кезінен бастап айтысқа бет бұра бастады, – деді Таңат Ахатов.

Республикалық айтыс болғандықтан жиналған ақындар кілең мықтылар шықты. Бірақ шәкіртімнің дайындығы жақсы болатын. Оған қоса, Азамат алматылық ақын Есенқұл Жақыпбековтың әуеніне салып айтысқандықтан, көрермендердің қошеметіне бөленді. Ұйымдастырушылар тарапынан жүлдегер атанғандарға бағалы және қаржылай сыйлықтар табысталды.

Айта кетелік, облыстық және республикалық айтыстарда жүлдеге қол жеткізіп жүрген Азамат Базарбай қазіргі таңда Баянауыл ауданының Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатында білім алуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу