Павлодарлық жасөспірім президентке үндеу жасап, дәрігерлерді жазалауын сұрады

235

Қазір Амира мүгедектер арбасына таңылған және үнемі таяқпен жүруге мәжбүр. 

Павлодарлық жасөспірім президентке үндеу жасап, дәрігерлерді жазалауын сұрады Фото: видео скриншот

16 жастағы Амира Ахмедянова әлеуметтік желіде Тоқаевқа видеоүндеу жолдады. Жасөспірім Павлодар облыстық балалар ауруханасының хирургия бөліміндегі дәрігерлердің үстінен шағым айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қыздың айтуынша, биыл қаңтар айында соқырішектің асқынуына байланысты ота жасалған. Ауруханаға түскеніне он күн өтпестен дәрігерлер науқасты үйіне жіберді. Жасөспірім үшінші күні қызуы көтеріліп, іші ауырғанын айтады. 

“Ауруханаға көмек сұрап қайта бардым. Антибиотиктермен емдеп екі аптадан кейін қайта үйге жіберді. Онда да дене қызуымның барына, ішім ауырып тұрғанына қарамады. Бірнеше рет жағдайымды айтып көмек сұрадым. Бірақ олардың тарапынан ешқандай шара қолданылған жоқ. 13 наурызда қатты уланып, температурам 39, жүрегім айнып ауыр жағдайда ауруханаға түстім. Келесі күні мүлдем жүре алмай қалдым”, – дейді Амира. 

Жасөспірімнің айтуынша, ол Ақсуда ұзақ уақыт массаж алып, емдік жаттығулар жасағаннан кейін аяққа тұрған. 21 сәуірде комаға түскен. Амира ол жерден Павлодар ауруханасының неврологиялық бөліміне ауыстырылды. Қыз есін жиғанымен, қайта жүре алмай қалды. Жасөспірім дәрігерлердің науқастарға салғырттық танытқанына наразы. 

Павлодар облыстық денсаулық басқармасы баланың психикалық бұзылысы барын айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу