Павлодарлық журналист өзі оқыған 100-ге жуық кітапты кітапханаға сыйға тартты

1559

Акцияға белсене қатысқандардың бірі - белгілі журналист, Сейтахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері Фархат Әміренов. 

Павлодарлық журналист өзі оқыған 100-ге жуық кітапты кітапханаға сыйға тартты

С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасында 14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күніне орай "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Акцияның тұсаукесер рәсіміне қатысқан ПГУ профессоры, ғалым Василий Убаськин бұл күннің маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ өзінің жеке кітап қорынан кітапханаға таңдаулы туындыларды сыйға тартты. Акцияға белсене қатысқандардың бірі - белгілі журналист, Сейтахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері Фархат Әміренов. Ол акция аясында кітапханамызға 100-ге жуық өзі оқыған кітабын сыйға берді.

"Мен кітапты іздеп жүріп, сатып алып оқимын. Жұмыс бабымен Алматы, Нұр-Сұлтан секілді үлкен қалаларға барсам, бірден кітап дүкеніне соғамын. Осылайша үйдегі жеке кітапханама 500-ден астам кітап жиналып қалған екен. Соның бір бөлігін руханиятымыздың қарашаңырағы - облыстық кітапханаға сеніп тапсыруды жөн көрдім. Осындай шара ұйымдастырған кітапхана ұжымына оқырмандар атынан зор алғыс айтамын",-деді Фархат Қайратұлы.

Сондай-ақ облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Марина Золотухина көпшілікті акцияның ашылуымен құттықтап, кітап қорын жаңа туындылармен толықтырды.

Айта кетейік, "Кітапханаға кітап сыйла!" акциясы осы жылдың 14-наурызына дейін жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу