Павлодарлықтар 200 литр Наурыз көже әзірледі

726

Павлодарлықтар 200 литр Наурыз көже әзірледі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұжымы Ұлыстың Ұлы күнін кеңінен атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz.

Игі дәстүр бойынша ұлық мереке Қыдыр атаның ақ батасынан бастау алды. Университет жанындағы филармонияның шығармашылық ұжымдары мерекелік концерт ұйымдастырып, жұртшылықты серпілтті.

Ұлттық ойындар назардан тыс қалмады. Спортты серік еткен жамағат кір тасын көтеріп, күш сынасты. Ал нәзік жандылар қауымы алтыбақан теуіп, мерекелік көңіл-күйде болды. Жиналған жұртшылықты ЖОО-ның ректоры Арын Өрсариев құттықтады.

"Мол дастархан ежелден татулық пен достықтың символына айналған. Біз ата-баба дәстүрімен бір шаңырақ астында жиналып, бір-бірімізді мерекемен құттықтап жатырмыз. Баршамыз бір-бірімізге ақ тілегімізді жаудырдық. Мереке құтты болсын", – дейді Арын Өрсариев.

Университет маңында ақшаңқан киіз үйлер құрылып, ақ дастархан жайылды. Қала қонақтары мен келушілер Наурыз көже ішіп, қуырдақ, бауырсақ сияқты ұлттық тағамдардан дәм татты.

"Көп жыл бойы университетіміздің аумағында қазақтың киіз үйі тігілмеген еді. Енді ұмыт болған осы дəстүр қолдау тапты Киіз үйлеріміз көздің көркі болып, ордамыздың алаңына жайғасты. Енді мамыр айына дейін болады. Шетелдерден келген қонақтарға еліміздің дəстүрі мен мəдениетін паш етеміз. Келген жұрт Наурыз көжеден дəм татып, халқымыздың көптеген дəстүрін тамашалай алады. Халқымыздың дəстүрлері жасай берсін! Жаңа жылымыз елімізге құт-береке əкелсін", – дейді университеттің маманы Қайрат Баттал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу