Павлодарлықтар "әдемі" нөмірлер үшін 136 млн теңге төледі

Ерекше нөмір алуға ниеттілердің саны да көбейді.  

Павлодарлықтар "әдемі" нөмірлер үшін 136 млн теңге төледі Фото: otyrar.kz

Соңғы уақытта көліктеріне елден ерекшеленетін нөмір тағуды қалайтын павлодарлықтардың саны артты. 2021 жылы 450-ге жуық жүргізуші "әдемі" нөмір сатып алса, былтыр 500-ден астам көлік иесі қалаған нөмірін таңдап алды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Көлікті сатып алу және рәсімдеу кезінде әр азамат мемлекеттік нөмір алуға міндетті екені белгілі. Қарапайым нөмір үшін 2,8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақы төлеу керек. Бүгінде бұл көлем 9660 теңгені құрайды. 

Дей тұрғанымен, қалауына қарай ерекше нөмір алып, көңіліндегі үш әрпі жазылған серияны таңдайтын жүргізушілер ақшасын аямайды. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Павлодар облысы бойынша филиал директорының орынбасары Рахат Қошановтың сөзінше, мұндай нөмірлердің бағасы 175 мың теңгеден басталып 938 мың теңгеге дейін жетеді. 

"2021 жылы көлік иелері "әдемі" нөмір алу үшін барлығы 121 млн теңге төледі. Ал былтыр 139 млн теңгеге сатып алды", - дейді Рахат Қошанов. 

Атап өтерлігі, көлік иесі темір "тұлпарын" сатқан күннің өзінде қомақты қаржыға алған VIP нөмірін өзіне қалдырып, жаңа көлігіне пайдалана алады. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу