Павлодарлықтар электр энергиясы үшін 1 млрд теңгеден астам қарызын қайтармай жүр

Мыңдаған іс сот орындаушылардың қолына өтті.  

Павлодарлықтар электр энергиясы үшін 1 млрд теңгеден астам қарызын қайтармай жүр Фото: nur.kz

Павлодар облысында электр энергиясын пайдаланған тұтынушылар коммуналдық ақыны уақытылы төлеуден жалтарады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

"Павлодарэнерго" АҚ мәліметінше, өткен жылы монополист борышкерлерге ақыны өтеп алуға қатысты 9,5 мыңнан астам өтініш жолдады. Сондай-ақ, сот орындаушыларға қарызға батқандардан төлемді мәжбүрлі түрде өндіріп алу бойынша 16 мыңнан астам акт берілді. 
Бұл ретте қарапайым тұрғындардың қарызы шамамен 200 млн теңгені құрап отыр. Тағы 890 млн теңге – электр энергиясын тұрмыстық емес мақсатта пайдаланатын тұтынушылардың берешегі. 

"Сот орындаушылардың көмегімен 16 мыңнан астам актінің 11 мыңға жуығы орындалып, 1,1 млрд теңге қайтарылды", - деп хабарлайды кәсіпорын өкілдері. 

Монополист компания коммуналдық ақыны дер кезінде төлемеген тұтынушыларға шетелге шығуға тыйым салынып, жылжымайтын мүлкі мен банктегі шоттарына арест қойылуы мүмкін екенін еске салды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу