Павлодарлықтар кәсіпкерліктің қыр-сырын тегін үйреніп, шәкіртақы алады

1495

Павлодарлықтар кәсіпкерліктің қыр-сырын тегін үйреніп, шәкіртақы алады

Қазақстанда алғаш қолға алынған "Бизнес бастау" жобасы бойынша Павлодар облысының бес ауданынан мың адамды тегін оқыту жоспарлануда. Курсқа қатысушылардың құжаттары 1 наурыздан бастап қабылданады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Дина Әбелдинованың сөзінше, "Бизнес бастау" бойынша мал өсіру, егін егу, жылыжай салу секілді ауыл шаруашылығы кәсібін бастауды не болмаса бұрынғы бизнесін кеңейтуді жоспарлап жүрген азаматтар кәсіпкерлік негіздерін меңгере алады. Курсты білікті бизнес-жаттықтыруышлар жүргізіп, азаматтарға бизнес жобалар жасауына қолдау көрсетеді.

"Қазақстанда "Бизнес бастау" жобасы биыл алғаш қолға алынып отыр. Осы жоба бойыша 1000 шақты адамды кәсіпкерлікке тегін оқытамыз. Әзірге қандай аудандар екенін ашып айта алмаймыз. Қазіргі таңда дәл қандай аудандар қамтылатыны белгісіз. Алдағы уақытта қосымша хабарлайтын боламыз. Курсқа қатысушыларға жергілікті қалалық немесе аудандық жұмыспен қамту орталықтары шәкіртақы төлейді. Ал, аудандарға жіберілетін бизнес-жаттықтырушылардың жолына, тұратын үйіне жұмсалатын шығындар облыстық кәсіпкерлер палатасының есебінен төленеді", – дейді Дина Әбелдинова.

Айта кетерлігі, бір айлық кәсіпкерлік курсқа қатысқан азаматтарға арнайы сертификаттар беріледі. Содан кейін жасалған бизнес жобаларын комиссияның алдында қорғап, өздерінің кәсіпкерлікпен айналысуға деген әлеуетін көрсетеді. Егер кәсіпкердің құжаттары барлық талаптарға сай келетін болса, Павлодар облысындағы ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 18 млн теңгеге дейін несие беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу